Қонаевта үйі өртеніп кеткен тұрғындар баспаналы болды
Қонаев қаласына қарасты Заречный ауылында 8 отбасы қоныс тойын тойлады. Өткен жылы тамыз айында төтенше жағдай салдарынан екіқабатты, 8 пәтерлі үй өртеніп, тұрғындар далада қалған еді. Олар туыстарын паналап, жалдамалы үйлерде тұруға мәжбүр болған.
Баспанаға мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында бюджеттен арнайы қаржы бөлінген. 8 отбасына баспана өздері қалаған үйлерден сатып алынды.
Күләш Күрімбаева, Заречный ауылының тұрғыны:
- Енді Алланың қалауымен бірінші. Одан кейін елдің батасымен, ауыл адамдарының. Бұйырып осындай. Үйлі болып отырмыз. Алаға шүкір!
Нұрлан Құматаев, қала әкімі:
- Комиссия өз шешіміне келді. Келгеннен кейін өзіміздің облыстық әкімшіліктің қолдауымен қаражат бөлініп. Қонаев қаласының өзінің қаражаты бөлініп, жалпы осы 8 пәтерге бөлінген 108 млн теңге болатын тұғын.