«Қазақстан халқына» қоры қандай жобаларды іске асырды?
Қазақстан халқына қорының құрылғанына екі жыл болды. 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін Президенттің пәрменімен құрылған бұл қор бүгінде 200 млрд теңгеге жуық қаражат жинаған. 67 бағдарлама аясында 177 млрд теңге көмек көрсетілмек.
Айта кету керек, қор қаржыландыратын жобалардың дені – денсаулық сақтау бағытында. Ол қымбат дәрі-дәрмектерді өндірушіден алып, тікелей науқасқа жеткізу, балалар арасында аса күрделі ауруларды ерте анықтау, оңалту шараларын қаржыландырумен айналысады.
Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, мүгедектігі бар балалардың оқу гранттарын қаржыландыру, тірек мектептерді дамыту және спорт салаларына демеушілік жасайды.
Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасының орынбасары:
– Өткен жылы өтінімдердің көбісі қордың жұмысын білмей, мына кредиттер бойынша үй сатып алып беру, ремонт жасау оның барлығы көбірек түскен болатын. 2023 жылы бізге 2500 өтінімдер келіп түскен. Жалпы 2022 жылдан да ауысып келген де сұрақтар болды. Жалпы 4401 өтінімдерді біз тамамдап, өз шешімін шештік.