Жер сілкінісі: шығын есептеліп жатыр
Алматының сегіз ауданында жер сілкінісінің салдарын анықтау бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, әкімдік өкілдері мен Қала құрылысын бақылау басқармасының мамандары кіреді. Олар өтініш берген тұрғындардың мекенжайларына барып, ақаулар бойынша акт жасайды. Жалпы Алматы қаласындағы жағдай тұрақты, жедел штаб жұмыс істеуде. Барлық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Комиссия жұмысының қорытындысы барлық өтініш тексеріліп біткен соң жарияланады.
Ербол Әлімқұл, Алмалы аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы басшысының М.А.:
-Қазіргі таңда Алмалы ауданының төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге 25 үй тексерілді. Тексеру нәтижесінен кейін акт толтырылды. Арасында жаңа үйлер де, ескі совет үкіметі кезінде салған үйлер де бар. Тексеріп біткеннен кейін экспертный комиссияны шақырады. Независимый. Олар барлық өлшемді көргеннен кейін ары қарай құзырлы органдарға беріледі. Қазіргі таңда шығынның қаншалықты болғаны есептеліп жатыр.