Жыл сайын әлемде 1 млн-нан астам адам вирустық гепатиттен көз жұмады
Сондықтан ауруды дер кезінде анықтап, емдеу маңызды. Бұл туралы Астанада өткен гепатологтар мен гастроэнтерологтардың 7-ші ұлттық конгресінде айтылды. Қазақстан вирустық гепатитті тегін емдеу жағынан Орталық Азия елдерінде көш басында. Барлық скрининг түрі ақысыз жасалады. Мамандардың айтуынша, емделушілердің дені ауруы асқынғанда ғана дәрігерге барады. Ал вирустық гепатит асқынған жағдайда бауыр циррозы немесе бауыр обырына дейін апаруы мүмкін. Айта кетейік, елімізде осы дерттің В және С түрімен есепте тұрғандардың саны 70 мыңға жуықтаған.