Түркістандағы ойын-сауық кешені орталығынан 3 адам құтқарылды
Түркістандағы ойын-сауық кешені орталығынан 3 адам құтқарылды. Бүгін рухани шаһарда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті авариялық-құтқару қызметінің қатысуымен эвакуациялық оқу-жаттығу өткізді.
Дабыл қағылып, ойын-сауық кешенінің демалушылары мен қызметкерлері, қауіпсіз аймаққа шығарылды. Оқиға орнына 5 минутта жеткен құтқарушылар, іште қалып қойған 80 адамды эвакуациялады. Зардап шеккен 3 азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 42 адам мен 9 техника жұмылдырылған. Арнайы тактикалық жаттығудың мақсаты – табиғи және техногенді апат кезінде халыққа қалай әрекет ету керектігін түсіндіру әрі қауіпсіздік ережелерін пысықтау.
Қайрат Әлиханов, облыстық ТЖД авариялық-құтқару қызметі басшысының орынбасары:
- 103,101,102, 104,105 қызметкерлерімен бірлескен түрде қызмет атқардық. Зардап шеккендерге бізде Түркістан қаласында 34 мектеп қарастырылған. Шамамен ол жер 2 мың адамды қамтиды. Тамақ, төсек-орнымен қамтылған.