Шегіртке таралуының алдын алу үшін қосымша ₸4 млрд жуық қаражат бөлінді
Биыл шегірткенің жаппай таралып кетуінің алдын алу үшін Үкімет қосымша 4 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлді. Премьер-министр тиісті құжатқа қол қойды. Осылайша 2,5 миллион гектар алаңға химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмек. Жалпы соңғы жылдары үйірлі шегірткелердің таралу алаңының ұлғайғаны байқалады. 2020 жылы 514 мың гектар болса, өткен жылы 1 миллион 616 мың гектар алқапты құраған. Еске салсақ, бұл жәндіктің Қазақстан аумағында үйірлі және үйірлі емес түрлері таралған.