Алматыда афтершоктар әлі жалғасып жатыр
Афтершоктар әлі жалғасуда. Еліміздің «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» өткен тәулікте Қытай аумағында 2 балдық 6 жер сілкінісін тіркеді. Оның біреуі таңғы 4:30 таман Қазақстанда да сезілді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде Қытай территориясында орналасқан. Сейсмолог мамандар мұндай афтершоктар жер сілкінісінен соң біраз болатынын айтты. Сондықтан Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес беріп отыр.