Маңғыстау облысындағы қонақүйге қатысты іс қозғалды
Маңғыстау облысында қоршаған ортаға зиян тигізген ірі қонақүйге қатысты екі әкімшілік іс қозғалды. Экология департаменті жүргізген тексеріс қорытындысы бойынша Қаракөлге төгілген судың құрамындағы химиялық заттардың шамадан тыс екені анықталған. Осыған байланысты кәсіпкерге айыппұл салынып, мамандардың шешімімен қалдық су өтетін құбыр алынып тасталды. Ал қонақ үйдің өзі орталық кәріз жүйесіне қосылды.
Ержан Жұмашев, экология департаменті басшысының орынбасары:
- 1000 АЭК өздерінің құқығы бойынша 50% төлеп тасады. 4 млн-ның 2 млн төленіп отыр ғой. Жауапкершіліктен құтылып, кәріз суды алып тастады.