Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды
Бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға, оның әйелі жарты жылға, ал қорғаушысы 6 жылға сотталды. Бұл жолы пара алып емес, беремін деп заң бұзған. Бүгін елорданың ауданаралық соты үкім шығарды. Тергеу барысында Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталған. Ал экс-министрдің зайыбы 2022 жылы желтоқсанда мәселесін шешу үшін Төлеевке 140 мың доллар табыстаған. Ал былтыр қаңтарда көлігінде жолдасының ісіне қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту үшін 120 мың доллар берген. Олар өздеріне тағылған айыптармен келіспеген. Бірақ айғақтар, сараптамалардың қорытындылары, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері қылмысты екендерін дәлелдеді.