Орманды қалай қалпына келтіреміз?
Тілсіз жауды ерте анықтау үшін цифрлы технологияларды қолданып, әуеден барлау жүргізу қажет. Семейде «Орман өрттері – XXI ғасырдың жаһандық мәселесі» тақырыбында өткен, халықаралық конференцияда ғалымдар осындай бастама көтерді. Ресей мен Болгарияның жоғары оқу орындарының мамандары қарағайлы орманды қайта түлету үшін бірқатар зерттеулер жүргізуді ұсынып отыр. Естеріңізге сала кетейік, былтырғы алапат өрт кезінде 63 мың гектар аумақ отқа оранған болатын. Келген шығын көлемі 160 миллиард теңгеге жеткен.
Алексей Клевенко, экологиялық зерттеулер орталығының жетекшісі:
-Біздің зертханамызда орманды жедел қалпына келтіретін кешен әзірленіп жатыр. Жобаның мақсаты – қарағайды тездетіп өсіру. Мұның пайдасы зор. Топырақта жылу да, ылғал да сақталады.
Думан Орынбеков, Шәкәрім университетінің ректоры:
-Орман өртін болдырмаудың алдын алу мәселелерін қазіргі цифрлы технологияларды пайдалана отырып, алдын алу мәселелерін талқылау болып табылады. Ғылыми негізсіз бұл мәселені шешу мүмкін емес.