Хабар телеарнасы

Алматыда жер сілкінісінен кейінгі жағдай қалыпты

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов осылай деп, Мемлекет басшысына ведомствоның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды. Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалған. Барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеуде. Президент министрге мегаполис тұрғындарының амандығын сақтау және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ қаладағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.