Хабар телеарнасы

Құтқарушылар үйінді астынан адам іздеуге арналған құрылғы сатып алмақ

Алматының құтқару қызметі үйінді астынан адам іздеуге арналған құрылғы сатып алмақ. Мемлекеттік сатып алу сайтында 5 микротолқынды радар мен 5 бейне эндескоп сатып алуға лот жарияланды. Бұл былтырдан бері жоспарланған. Қазір құтқарушыларда гидравликалық апаттық құтқару саймандарының бірнеше түрі бар. Онымен құлаған бетонды көтеріп, тіреу жасауға, темір кесуге болады. Ал енді алынатын құрылғылар соңғы технологиямен жасалған. Артықшылықтары көп.