Елімізде жеке детективтердің қызметі заңдастырылады
Иә, шетелдік кинолардан көріп жүрген детективтер енді бізде де жұмыс істемек. Бүгін олардың жұмысын реттейтін Заң жобасын Қазақстандық Парламантаризм институтының мамандары «AMANAT» партиясының депутаттарына таныстырды. Айтуларынша, ел ішінде бұл қызметке сұраныс өсіп отыр. Қазір 20 шақты детектив агенттігі бар көрінеді. «Ал бізде орташа ауыр және жеңіл қылмыстың көбі сол күйі ашылмай қалатынын ескерсек, жеке детективтерге жұмыс жетіп артылады»,— дейді сарапшылар. Яғни жеке детективтер ақылы негізде, қандай да бір іс бойынша тергеу жүргізіп, заңды түрде күдіктінің ізін аңди алады.
Нұртай Иманғалиев, Парламентаризм институтының сарапшысы:
-Жоғалған із-түзсіз кеткен адамдарды іздеуге құқылы немесе жоғалған дүние-мүлікті, оларды да іздеуге құқығы беріліп отыр, қарастырылып отыр. Сонымен қатар мынау арнайы құралдарды қолданып, сырттай бақылау да бұл заңда қарастырылған.