Бітімгерлер Таяу Шығысқа аттанды. Өңір жаңалықтары
Еліміздің Қорғаныс министрлігінің бітімгерлік күштері Таяу Шығысқа аттанды. Біріккен Ұлттар Ұйымы алғаш рет Қазақстанға тәуелсіз операция жүргізуге рұқсат беріп отыр. Голан жоталарына 139 бітімгер аттанды. Олардың қатында әйелдер де бар. Бітімгерлер тараптар арасындағы атысты тоқтатуға атсалыспақ. Сирия мен Израиль арасында дауға айналған Голан биіктіктеріндегі БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы 1970 жылдардан басталды.
Еліміздің әскери теңіз күштері Каспийде оқу-жаттығуын өткізді.
Оған шекара флотының жауынгерлік кемелері мен майдан авиациясы қатысуда. Тапсырма бойынша минно-траль кемелер, зымыранды-артиллериялық кораблдер әуе нысандарына оқ жаудырды. Ашық су айдынында өтіп жатқан әскери жиын 15 наурызда аяқталады.
«Жаппай бейнебақылау» жобасы іске асты.
Елімізде қоғамдық қауіпсіздікті қамту мақсатында «жаппай бейнебақылау» жобасы іске асты. Бүгінде 1 млн 318 мың бейнекамера жұмыс істейді. Оның 274 мыңы полицияның жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдеріне қосылған. Президент тапсырмасына сәйкес заманауи технологияларды кеңінен қолдануға күш салынып жатыр.
«Ұлы дала жорығы» бәйгесінің қай күні өтетіні белгілі болды.
Биылғы жорық 12 мамырда еліміздің солтүстігінде басталып, 17 мамырда Астанада аяқталады. Бурабай курорттық аймағының, Ботай мен Бозоқ көне мекендерінің көрікті жерлерін басып өтетін марафон-бәйгенің жалпы қашықтығы 500 шақырым. Үздік деп танылған үш жеңімпаз команда қыркүйек айына жоспарланған «Ұлы Дала Жорығы» халықаралық жарысына жолдама алады.