«Өскемен-Водоканал» мекемесіне ₸36 млн айыппұл салынды
Коммуналдық кәсіпорынды жоспардан тыс тексеру кезінде бірнеше экологиялық талаптың өрескел бұзылғаны анықталған. Мәселен, ондағы сүзгі баспағы істен шыққан. Әрі тазарту құрылғылары дұрыс қолданылмаған. Экологтар кәсіпорындағы сарқын судың құрамын да зерттеп көрді. Сөйтіп ондағы зиянды қалдық түрлерінің рұқсат етілген шамадан асып кеткенін анықтаған.
Мамай Бұтабаев, облыстық Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:
-Тұз аммониі бойынша 1,2 есе, мұнай өнімдері бойынша 1,6 есе және де мырыш бойынша 1,7 есе асып кетуі анықталды. Барлығын қосқанда 40 миллиондай айыппұл салынды.