«Қазақстан дрондары» ақпараттық арнасы іске қосылды
Астананың сол жағалауында дрон ұшырсаңыз, техникаңыздан айрылуыңыз мүмкін. Себебі қала орталығының кейбір жерлеріне ұшқышсыз ұшу құрылғыларын тоқтататын қондырғылар қойылған. Ұшыруға рұқсат керек.
Ал квадрокоптерді тіркеу біраздан бері бар. Бірақ оны көпшілік біле бермейді. Сондықтан құзырлы органдар телеграмм желісінде «Қазақстан дрондары» ақпараттық арнасын іске қосты. Онда құрылғыларға қатысты барлық мәлімет бар.
Владимир Кошманов, Қазақстан авиация әкімшілігінің департамент директоры:
- Қазір Астана қаласы бойынша тіркелмеген және ұшуға рұқсат алмаған дрондарды анықтау жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Олардың қатары күннен күнге көбейіп барады. Заң талаптарын орындамағандарға айыппұл салынады.