Маңғыстау облысында итбалық өлекселерінің саны 78-ге жетті
Түпқараған ауданына Алматыдан арнайы барған ғалымдар өлекселердің азу тістері, жүні, өкпесі мен бауырынан сынамалар алды. Теңіз сүтқоректілерінің өлекселері жойылып, кейбірі сынақ жұмыстары үшін зертханаға жеткізілген. Экологтар теңіз суынан да сынама алып, құрамын талдауға кірісті. Қазір балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері жағажайды тексеріп жатыр.
Андрей Руцкий, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:
- Итбалық өлекселерінен физикалық зақым анықталған жоқ. Яғни оларды адам өлтірмеген. Қырылған теңіз жануарларының арасында күшіктері де бар. Тиісті жұмыстар атқарылуда. Енді ғалымдардың тұжырымдамасын күтеміз.