Көкшетаулықтар бір тәуліктен бері сусыз отыр
Кәріз желілеріндегі апат салдарынан бес бірдей шағын ауданда тіршілік нәрі тоқтаған. Жергілікті билік болса, су тасымалын ұйымдастырмаған. «Өйткені оған қажетті техника жетіспейді», - дейді мамандар.
Қазір апат салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал судың қашан берілетіні белгісіз. Оған дейін қала тұрғындарының тіршілік нәрін сатып немесе тасып ішуден басқа амалы жоқ.
Балғабек Биғалиев, қала тұрғыны:
- Көрдіңіз бе, міне, су колонкадан әкелдік, қап-қара су. Оны шәйнекке қайнатса, дұрыс су болмайды. Кешеден бері тасып жүрмін. Суды сөндіреміз деген жоқ, кеше дайындағанымыз жоқ.
Юрий Шенгельц, «Су арнасы» МКМ директоры:
- Біз әуелі апаттың неден шыққанын анықтаймыз. Тереңдікте орналасқан құбырды табу оңайға соқпай тұр. Өйткені біз қазған сайын қызыл су жиналып, кедергі келтіруде. Сондықтан сору жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр. Жалпы қала бойынша кәріз жүйелірінің 70% тозып тұр.