Су басқан аймақтарға мемлекеттік материалдық резервтен қажетті құрал-жабдықтар бөлініп жатыр
Президенттің тапсырмасымен қазір Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарына 50 шақты арнайы техника, шатырлар мен 15 мыңнан астам адамға арналған төсек-орын жеткізілген. Айта кетейін, мемлекеттік материалдық қор барлық өңірде бар. Ал ондағы дүниелер үнемі жаңартылып отырады. Мемлекет басшысы кешегі үндеуінде табиғат апатынан зардап шеккендерге мемлекеттік материалдық резерв есебінен де көмек берілетінін айтқан болатын.
Руслан Ормағамбетов, мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары:
-Мемлекеттік материалдық резерв комитетінің қызметкерлері тәулік бойы жұмыс атқаруда. Әкімдіктердің өтінімдерін қарастырып және сұратылған тауарларды жіберуде. Жұмыс жалғастырылуда.