Елордада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуі өтеді
Жиынға қатысу үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев Астанаға келді. Мәртебелі мейманды Үкімет басшысы Олжас Бектенов әуежайдан күтіп алды. Сондай-ақ Үкімет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты да қарсы алды. Садыр Жапаров VI консультативтік кездесуге және «Орталық Азия + Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысады. Бұл шараға Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон да қатысады. Премьер-Министр Олжас Бектенов Тәжікстан басшысын да әуежайдан күтіп алды.
Аймақтық ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге бағытталған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуі 2018 жылдан бері өтіп келеді. Ертеңгі басқосуда сауда, логистика, экология, қауіпсіздік мәселелері талқыланады.