ІІМ күшейтілген режимде жұмыс істейді
Тасқын қаупі сейілер емес. 8 облыс төтенше жағдайда. Бүгін төтенше тізіміне Ақмола облысындағы Атбасар ауданы да қосылды. Осылайша, су тасқынымен күрес қазір Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Атырау, Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарында жүріп жатыр. Су тасқыны басталғалы бері қауіпсіз аймаққа көшірілген адам саны 98 мыңға жетті, оның 33 мыңы бала. 7 мыңнан астам адам уақытша орналастыру бекеттерінде тұрып жатыр.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
-Қараусыз қалған мүлікті күзету үшін полиция зардап шеккен 43 елді мекенді және 9 мыңнан астам тұрғын үйлерді және басқа да объектілерді, яғни мекемелерді, дүкендерді, ішкі істер органдары қорғауына алды. Ұрлық-қарлыққа жол берілген жоқ. Біздің қызметкерлер олардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді, квадракоптерлердің көмегімен бақылау жүргізеді.