ШҚО-да тасқын қаупі күшейді
Шығыс Қазақстанның Алтай ауданы Соловьёво ауылында 7 үйдің ауласына су жайылды. Еріген қар суы Берёзовка өзенін арнасынан асырып жіберген. Ауылдағы балалар қауіпсіз жерге көшірілді. Мектеп оқушылары онлайн оқып жатыр. Ал ересектер жағдайды бақылап отыр. Қазір су деңгейі 10-15 см-ге төмендеді. Көпірді су шайып кетпес үшін қосымша канал да салынды. Ауылда бірнеше техника мен мамандар оқыс жағдайға дайын тұр. Өйткені екі тәуліктен бері толассыз жауған жаңбыр жағдайды ушықтыруы ықтимал.
Мұқан Төлебаев, Соловьёво ауылының әкімі:
-Су осындағы 24 үйдің 16-сын айналып өтеді. Дегенмен 5 үй ойпатта тұр. Соларға үлкен қауіп бар. Қазір ол жерге кезекшілік қойып, бақылауға алдық. Тұрғындарға да ескерту жасалды.