Петропавлда соңғы тәулікте тағы 100-ге жуық үй су астында қалды
Синоптиктердің айтуынша, түнде Есіл өзені 65 сантиметрге көтеріліп, Орман шаруашылығы, Борьки, Қызылжар кенттеріне жайылған. Осылайша облыс орталығында су жайылған үйлердің саны 1100 жетті.
Ернеуінен асқан Есіл өзені Большая Малышка, Вешнёвка, Соколовка, Якорь және Ольшанка елді мекендеріне де жайылған. Осыған байланысты 5 ауылдың халқы шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшіріліп, мал қырға айдалды.
Әлихан Байқадамов, Қызылжар ауданы ПБ бастығы:
-Тұрғындар білген. Негізі дайын болған. Малдарды шығаратын орындар бәрі дайын болды. Кеше су келгенде осында газельдер бәрі дайын болып, кісілер эвакуационный пунктіге жіберілді.