БҚО-да тұрғызылған бөгеттер тасқын суға төтеп бере ме?
Ал Батыс Қазақстан облысында Жайықтың жағалауында орналасқан елді мекендерде жалпы ұзындығы 80 шақырымға жуық бөгеттер тұрғызылды. Алайда олардың сапасы қалай? Жоғарыдан келген тасқын суға төтеп бере ме? Бәйтерек ауданының Январцево ауылына барған халық қалаулылары осы мәселеге назар аударды. Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның айтуынша, Орынбордан шыққан судың 95% Оралға жетеді. Сондықтан кеш те болса арнайы техникалардың көмегімен дамбалардың енін кеңейту қажет. Ал Жайық-Көшім жүйесіне су айдау арқылы көп жылдан бері құрғап қалған көлдерді толтырып, Қамыс-Самар экожүйесін қалпына келтірген жөн.
Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Енді Орынбордағы, Орскідегі жағдайды көзімізбен көріп отырып, қамданбау мүмкін емес. Батыс Қазақстанда жайылма есебінен каналдар есебінен көп суды жан-жаққа алып кетіп, енді ауыл шаруашылығына пайдалану нәтижесінде 60% дейін суды жоғалтуға болады, бара жатқан судың, бұл Батыс Қазақстанды аман алып қалу арқылы Атырауды аман алып қалуға болады.