Түркістан облысында 25 мың түп көшет отырғызылды
Түркістан облысының Созақ ауданында 25 мың түп тал отырғызылып, 485 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ аудан орталығындағы аялдамалар қалпына келтіріліп, арық-атыздар күл-қоқыстан тазаланды.
Бұдан бөлек, аудандағы 75 шақырым көше жиегі мен 22 балалар ойын алаңы және 18 спорт алаңшасы тазартылды. «Таза өлке» акциясына мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары атсалысты.
Дәулет Құдайбергенов, аудандық ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
- Шараның мақсаты – тұрғындар арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттырып, аудан аумағын жасыл желекке айналдыру. Сондай-ақ өскелең ұрпаққа қоғамдық орындардағы жат мінез-құлыққа қарсы қоғамдық санаға тәрбиелейміз деп отырмыз.