«Таза Қазақстан»: Маңғыстаудағы туристік орындарда сенбілік өтті
Маңғыстау облысының Шерқала тауы, Ыбықты және Ақмыш сайы секілді туристік орындарында сенбілік өтті. Студент жастар бірер сағат ішінде елуден аса қапшықты - бос бөтелке, консерві қалбырлары және тағам қалдықтарымен толтырған. Өкінішке қарай қоқысты ол жерлерге демалушылар қалдырып кетеді. «Табиғаттың қайталанбас сұлу көрінісін таза ұстайық», - дейді волонтёрлер.
Айта кетсек, аймақта 6 сәуірде басталған тазалық акциясы 11 мамырға дейін жалғасады.
Айдана Мұратбай, волонтёр:
- Осы табиғаттағы қоқыстың көптігі мені қатты алаңдатады. Сол үшін мұны шешудің жолдарын ұсынатын болсақ, мына жаққа мысалы, күзетшілерді қоюға, күнделікті апта сайын 1-2 адам келіп қарап тұрса, осы жердің тазалығын. Себебі бұл жерді ластай берсек, өзімізге жақсы болмайды. Таза ұстауды өзімізден бастағанымыз жөн.