Хабар телеарнасы

Жамбыл облысында су қоймаларының маңы қоқыстан тазартылды

Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғындары «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасының маңын қоқыстан тазартты. Жалпы «Таза Қазақстан» науқаны басталғалы аудандағы саябақтар мен көшелерден және арық-атыздардан 60 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылған. Және 4 мыңға жуық жеміс ағашы, қылқан жапырақты көшеттер отырғызылды.

Жеңісбек Сейітбеков, Жуалы аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры:

- Бұл жерде атсалысып жатқан әр округ депутаттары және біздің өзіміздің ерікті жастарымыз. Әр апта сайын осындай тазалық жұмыстарын «Таза Қазақстан» бойынша жүргізіп отырамыз. Теріс Ащыбұлақ аймағына демалуға келген аудан тұрғындарына тазалау жұмыстарын таза ұстауға сұранамыз!