Таза Қазақстан: Қарағандылықтар 110 мың бөтелкені балмұздаққа айырбастады
Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» науқаны аясында бөтелке жинап тапсырғандарға тегін балмұздақ таратылды. 5 бөтелкеге 1 тәттіден берілген. Осылайша бір күнде 110 мың пластик және шыны бөтелке жиналды.
Бұған қоса өңірдегі көлдер мен өзендердің, су қоймаларының жағалауы және тарихи-мәдени ескерткіштердің маңайы қоқыстан тазартылды. Науқанға «Жасыл ел» еңбек жасағының жастарымен қатар мемлекеттік қызметшілер, еріктілер және академия курсанттары атсалысқан.
Бейбарыс Жігіт, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанты:
- «Бірінші байлық – денсаулық». Ал денсаулық осы тазалықтан басталады. Тазалық өзіміз үшін ғой. Осы қазақ жастарына айтқым келеді, жұдырықтай жұмылып, осындай жұмыстарды істесек, көптеген мәселе шешіледі деп.