Қарағанды облысында ескерткіштер аумағы тазартылды
Қарағанды облысының тұрғындары өздері тұратын мекенжай аумағы мен ескерткіштер маңайын тазалады.
Экология акциясы «Мәңгілік алау» мемориалы мен «Белгісіз сарбаз» ескерткішін тазалап, жуудан басталды. Еріктілер ағаштардың түбін әктеп, маңайдағы қоқысты жинады. Жерді қопсытып, гүл егетін орын әзірледі. Жастармен бірге еңбек ардагерлері де сенбілікке шықты.
Жеңісбек Сүйіндіков, қала тұрғыны:
- Қаланы тазалап жүрген жастарымызға рақмет! Қаламыздың, үйлеріміздің, осындай қоғамдық жұмыстардың таза болғаны жақсы ғой. Қарағандымыз үлкен, абыройлы, таза қала болған. Лайым таза шаһар болып қалсын!