Су тасқыны: азық-түлік сақтау қоймаларын су басқан жоқ
Сауда комитеті жүргізген мониторинг нәтижесі бойынша Батыс Қазақстан облысында тұрақтандыру қорынан алынған 293 тонна күріш пен 100 тонна қант және 46 тонна күнбағыс майы сақталғаны анықталған. Қойма тасқын судан қорғалған. Ал еліміздің солтүстігінде көкөністердің негізгі қоры сатылған, қалғаны су басу қаупі жоқ деген қоймаларда сақтаулы. Дегенмен кей өңірлерде азық-түлік өнімдері қауіпсіз жерге жеткізілуі тиіс. Себебі қарғын судан зардап шеккен сауда нысандары да жоқ емес. Алдын ала есептеулер бойынша, өңірлерде 130 сауда нысаны су астында қалған. Павлодар облысының бір кәсіпкеріне келтірілген шығын өтелді. Сондай-ақ Үкімет отырысында айтылғандай су басқан аймақтарға ауызсу жеткізу жұмыстары тұрақты бақылауда.