Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне гуманитарлық көмек жіберілді
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне алматылық Қазақ Ұлттық жоғары оқу орнынан гуманитарлық жәрдем жіберілді. 20 тоннадай азық-түлік пен киім-кешек, гигиеналық бұйым осы оқу орнында орналасқан оралдықтарға арналған. Оқу орнының 2 жатақханасында тасқыннан зардап шеккен 600 тұрғын болса, оның 315-і кәмелетке толмаған бала. Университеттің көмегі мұнымен шектелмейді. Ата-анасының үйін су алған батысқазақстандық 50 студентке 100 мың теңгеден шәкіртақы тағайындалып, тегін оқу мүмкіндігі қарастырылған.
Сәбит Суатай, ҚАЗҰУ ректорының орынбасары:
-Осындай табиғи апат кезінде ел болып, жұрт болып, барлығымыз бірауыздан көмек жасауымыз азаматтық борышымыз деп есептеймін. Сол себепті ұжым болып бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысына 20 тонна зат алып келдік. Оның ішінде азық-түлік тағамдары, гигиеналық заттар, төсек-орын жабдықтары, құрылысқа керекті құрал-саймандар.