Заңсыз иемденген ₸40 млрд ерікті түрде қайтарылады
Бүгін комиссия келісімдерді мақұлдады. Аталған соманың 38 млрд-ы ақшалай қаражат және құны 2 млрдқа бағаланған Астанадағы бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мәселені шешуге бағытталады. Оның ішінде су тасқыны салдарын жою жұмыстары да бар. Бұдан бөлек 7 млрд-қа инвестициялық келісімдер мақұлданды. Активтерді заңсыз иемденген тұлғалар Астана мен Шымкент қалаларында инфрақұрылымдық екі нысан салуға міндеттелді.