Қазақстан заманауи газ өңдеу өнеркәсібін құрады
Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен энергетикалық кеңес отырысында пысықталды. Мемлекет басшысы мен Қатар әмірі арасындағы уағдаластықтар аясында елде ірі жобалар жүзеге асырылады. «QazaqGaz» ұлттық компаниясы мен UCC Holding компаниясы бірлесіп, 2 газ өңдеу зауытын, компрессорлық станса және магистралды газ құбыры желілерін салады. Мұның бәрі өңдеу қуатын арттыру арқылы шикі газды тиімді пайдалануға бағытталған. Үкімет басшысы жобаларды іске асыру кезінде отандық өнімді барынша пайдалануды тапсырды. Сонымен қатар Энергетика министрлігіне газ саласының табыстылығын әрі қарай арттыруды жүктеді. Мамандардың болжамынша, биыл елде газ өндіру көлемі 60 млрд текше метрден асады.