Баланың туу туралы куәлігін перзентханадан шықпай тұрып алуға болады
«Азаматтарға арналған Үкімет» корпорациясының дерегінше, Астанада туу туралы куәліктерді жеткізу және оларды ата-аналарына тікелей перзентханаларда табыстау бойынша пилоттық жоба қолға алынған. Бұл бастама сұранысқа ие болған жағдайда барша қазақстандықтар үшін баланың өмірге келуін салтанатты түрде тіркеу рәсімі пайда болады. Айта кетерлігі, 10 айда елімізде 103 мыңнан астам неке тіркелген. Оның 40 мыңы - жыл басынан бергі көрсеткіш. Көш басында Алматы, Астана және Шымкент қалалары.