Хабар телеарнасы

202 отбасы су тасқынынан қираған үйлерінің орнына жаңа баспана алды

Тасқын болған аймақтарда шығынды өтеу жұмыстары Үкіметтің қатаң бақылауында. Бүгінге дейін 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 658 үй салынып жатыр. 596 отбасына тұрғын үйді жөндеу мен қалпына келтіруге 878 млн теңгеден астам сома өтемақы төленді. 24 мың 641 отбасыға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем берілді. Бұл мақсатқа 9 млрд 300 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,3 млрд теңгеден асты.