Хабар телеарнасы

Жыл басынан бері 600 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды

Елімізде игерусіз жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтарып, ел мүддесіне пайдалану ісі қарқын алды. Жыл басынан бері 600 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер қайтарылды. 102,5 мың гектар алқапты игеру басталды. Бұдан бөлек, 477 мың гектар алаңды мәжбүрлеп алу бойынша сот талқылауы жүріп жатыр.

Вице-премьер Серік Жұманғариннің айтуынша, мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер бірінші кезекте жайылымға берілуі тиіс. Сондай-ақ биыл ауыл шаруашылығы жерлеріне құқық беру рәсімін цифрландыру жоспарда. Пилоттық жоба бірінші Жетісу облысында сынақтан өтеді.