Хабар телеарнасы

Ұлытау облысында баспанасыз қалған отбасыларға үй салынып жатыр

Ұлытау облысында тасқын салдарынан баспанасыз қалған отбасыларға үй салынып жатыр.

Жалпы тасқын кезінде облыс аумағында 22 үйді су шайған еді. Арнайы комиссия 6 баспананы апатты деп таныды. Оның 2-еуі Жаңаарқа ауданына қарасты Ынталы ауылында.

Қазір елді мекенде бір үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ал екінші отбасы аудан орталығына көшуге ниет білдірген. Жақын күндері Ұлытау ауданының Жезді кентінде тағы 3 үйдің құрылысы басталады.

Алпыс Исақов, Ынталы ауылының тұрғыны:
- Қазір жергілікті әкімдік уақытша үй берді. Мұндай жағдай өзі бірінші рет болып тұр. Енді қайталанбасын деп тілеймін.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Дулат Ерғалиұлы, ынталы ауылының әкімі:
- Бізде 10 үй зардап шегіп, оның 2-еуі жарамсыз болып танылған. Бір отбасыға Жаңаарқадан үй сатып алып берді. Екінші отбасыға үйдің құрылысы жүріп жатыр қазіргі таңда. 40%-дай жұмыс аяқталды.