Петропавлда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 500 үй салынады
Олардың құрылысына «Қазақстан халқына» қоры мен еліміздің ірі компаниялары қаражат бөлді. Баспана дайын күйінде қолданысқа беріледі. 10 соттық жер қоршалып, толық абаттандырылмақ. Құрылысы аяқталған үйлер маусымның соңында тапсырылуы тиіс. Облыс бойынша бүлінген мүлікті бағалау және техникалық сараптама жұмыстары жүргізіліп, алғашқы қорытындылар шықты. Әзірге 508 үй тұруға жарамыз деп танылған.
Майгүл Елемесова, құрылыс басқармасының баспасөз хатшысы:
-Бірінші лектің, яғни 100 үйдің құрылысы сәуірдің 24-і басталды. Қазіргі таңда ол жердегі жұмыстар 70% аяқталды. Ал екінші 100 үйдің құрылыс жұмыстары мамырдың 8-і басталды. Ол жерде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компаниялардың саны - 12.