Жетісу облысында шаңғымен құмда жүгіру марафоны өтеді
«Қазақстан-Француз» әріптестігі аясындағы шара Балқаш көлінің жағасында ұйымдастырылады. Жарысқа «XCSS Climate Can't Wait» жобасының негізін қалаушы Эстель Пейен ұйтқы болған. Ол өзімен бірге мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Гвандель Пейзера мен өзге де әлемдік деңгейдегі спортшыларды ерте келді. Олар құмда шаңғымен жүгіріп, жарыс барысын бейнетаспаға түсіреді. Сол арқылы ерекше спортты дамытып, туризмді насихаттайды. Екі күндік жоба шеңберінде «Іскер әйелдер» қауымдастығы және өзге де қоғамдық бірлестіктердің атсалысуымен экология тақырыбына арналған көрме, шағын форум мен конференция өтеді.
Малгажата Туар, ҚХА Франциядағы Достық елшісі:
-Қазақ халқының салт-дәстүрімен танысу, мәдениетін дәріптеу, көрнекті жерлерін әлемге таныту біз үшін қызықты жоба болмақ. Экологияны қорғайтын еріктілердің басын қосу, әріптестік байланыс орнату және проблемаларды шешу жолын бірге талқылау - басты мақсатымыз.