Тасқын болған өңірлерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді
Тасқын болған біраз өңірде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, су тасқынына қарсы күрес қарқынды. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласынан 122 мың текше метр су сорылса, Атырау облысы Құлсарыдан 64 мыңнан аса текше метр су шығарылды. Ал Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына 1 850 қапшық пен 1 690 тонна инертті материал төселді. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда. Республика бойынша 61 мыңнан астам адам үйіне оралды. Дегенмен 5 мың 400-і әлі уақытша орналастыру бекеттерінде тұрып жатыр. Аталған аймақтардағы құтқару жұмыстарына 4 мыңнан астам адам, 691 техника, 240 су сору құралы, 56 жүзу құралы және 4 авиатехника жұмылдырылды.