Хабар телеарнасы

Құлсарыда бейбіт жиынға қатысушылар тарады

Құлсары қаласында бейбіт жиынға қатысушылар тарады. Бірнеше күн бойы Жылыой ауданы әкімдігінің алдына жиналған халық өтемақы төлеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қараған. Қазір Құлсары қаласындағы жағдай тұрақты. 2 мыңнан аса үйдің бағалау қорытындысы шыққан. 400-ге тарта тұрғын келісімшартқа отырып, оларға тиісті қаржы аударылып жатыр. 6 мобильді топ келген шығын көлемін бағалау нәтижесін тұрғындарға жеткізуде. Қазір Жылыой ауданында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін типтік үлгідегі 74 үйдің құрылысы басталды. 

Гүлнәфис Айшуақова, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары:
-Жылыой ауданының әкімдігі Құлсары қаласының тұрғындарына зардап шеккен тұрғын үй үшін өтемақы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарағаны үшін ризашылығын білдіреді. Алда үлкен және өте маңызды қалыпқа келтіру жұмыстары тұр. Қала қалыпты өмірге оралды. Бейбіт жиналысқа қатысушылардың шатырлары жиналды. Барлық қоғамдық орындар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.