Хабар телеарнасы

Атырауда Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылды

Аталған су арнасы Жайық өзенінің суын тікелей Каспий теңізіне бұру үшін соғылған еді. Алайда шығыстан соққан желдің күштілігінен су кері айналып, бөгетті бұзып өтіп, екінші бөгетке қарай жайылып барады. Бұзылған учаскені қалпына келтіру үшін 30-ға тарта арнайы техника жұмылдырылған. Қалаға әзір қауіп жоқ. Сондай-ақ Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылының кірме жолын су шайып кету қаупі бар. Қазір жауапты мамандар қосымша бөгетті нығайтып жатыр. Тасқын судың жайылуына байланасты Атырау-Индер күре жолы уақытша жабылды. 

Ерсін Мәжитов, облыстық ТЖД жұмылдыру тобының аға офицері:
-Жел қарсы соғып, мына бөгеттердің жиектерін су шайған болатын. Оған дер кезінде ТЖД қызметкерлері мен сарбаз жұмылдырылып, таңға дейін жұмыс істеп, қапшықпен көтеру жұмыстарын жүргізді. Кіреберіс жолға техника бөлініп, топырақ көтерілуде. Енді кіреберіс жолды су шәйіп кетуіне қауіп бар.