Хабар телеарнасы

Биыл өңдеу өнеркәсібінде ₸7 трлн өнімі шығарылған

Өңдеу өнеркәсібін дамыту. Биылдың өзінде осы салада 7 триллион теңгенің өнімі шығарылған. Бұл туралы Сенатта өткен Парламенттік тыңдауда айтылды. Жиһаз жасау ең жоғары өсім көрсеткен. 30% жуықтайды. Металл бұйымдарын өндіру 25% асса, машина жасау 22% артқан. Қазір еліміз бойынша өңделеген өнім шығарумен 11 мың кәсіпорын айналысады. Алайда осының ішінде тек 260-ы ғана ірі, 400-і орташа деңгейдегі зауыт. Мамандар саланың тұрақты әрі қарыштап дамуы үшін бұл жеткіліксіз деп санайды. Сондай-ақ өнімді тасымалдау мен коммуналдық төлемнің қымбаттығы өндірістің өрістеуіне қолбайлау болып тұр. Өзге де мәселелер бар.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Өңдеу секторы әлі күнге дейін импортқа тәуелді болып тұр. Технологиялық өнімдер және шикізатты сырттан алудамыз. Сондай-ақ кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті. Маман жетіспейді. Демек өңдеу өнеркәсібін мемлекет тарапынан қолдаудың қосымша шараларын пысықтаған жөн. Осы бағытта кешенді әрі жүйелі жұмыс жүргізуге тиіспіз.