Хабар телеарнасы

Ақмола облысында егін егу науқаны жалғасып жатыр

Ақмола облысында толассыз жауған жаңбырдан егіс науқаны әлі аяқталған жоқ. «Алқапқа дән себілмей, жартысы бос жатыр. Бірақ бұл егін сапасына әсер етпейді»,—  деп отыр ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері. Биыл диқандар 5 миллион гектардан астам жерді игермек. 4,5 миллион гектарға дәнді дақыл егілсе, қалған алқаптарға жем-шөп және майлы дақылдар себіледі.

Еркеш Әленов, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
-Соның қазір 45% астамы егілді. Енді одан да көп болуға тиісті, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты кішкене жоспардан азырақ келе жатырмыз. Күн әрі қарай тұратын болса, он күннің ішінде бітіп қаламыз.