Хабар телеарнасы

Түркістанда «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы өтті

Түркістанда «Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Тазалық іс-шарасына облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, партия жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері, тұрғындар мен еріктілер қатысты.

Табиғат жанашырлары «Ортақ» шағынауданындағы теміржол бойын күл-қоқыстан тазартып, 40 мың шаршы метр аумақты ретке келтірді. Бұл қаланың сырты, теміржолдың бойы болғандықтан, тұрғындар тұрмыстық қалдық тастайтын орынға айналдырып жіберген. Тіпті малдың өлекселеріне дейін әкеліп тастапты.

Қалыйма Жантөреева, облыстық мәслихат депутаты:
- Шауғар деген мөлтекаудан өте лас. 10 бас бастауыш партия ұйымы осы жерде жұмыс істеп жатыр. Бұл табиғатқа деген жанашырлық, экологиялық мәдениетті қалыптастыру ғана емес, бұл
тәрбие. Адам дүниеге келгенде бірінші анасының қолына түссе, одан кейін қара жерге қайтып барады. Сол қара жеріміз таза болуы керек. Өзіңе, үйіңе қалай қарасаң, қоршаған ортаға да солай қарау керек.