Хабар телеарнасы

Курчатовта «Табиғатты аялайық» экологиялық іс-шарасы өтті

Абай облысының Курчатов қаласында «Табиғатты аялайық» экологиялық іс-шарасы өтті. Оған қатысушылар Ертіс өзенінің жағасына барып, жұрт шомылатын орындарды тазалап, күл-қоқысын шығарды. Достық үйі ұжымының ұйымдастыруымен болған іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен еріктілер қатысты. Жалпы «Таза Қазақстан» республикалық науқаны басталғалы оған тұрғындар белсенді қатыса бастаған. Осы уақытқа шейін қала аумағынан 300 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Сондай-ақ аулалар ретке келтіріліп, 2500 түп ағаш отырғызылды.

Гүлнар Султабаева, Достық үйінің директоры:
-Жұмыс барысында өзен жағасы мен жағажайдан 20 қап қоқыс жиналып, шығарылды. Жағажай аумағы толығымен тегістелді. Жаздық маусымға дайын.