Ішкі Істер министрлігі ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғады
Еліміздің Ішкі Істер министрлігі ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғады. Яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген әуе көлігінің қозғалысы мен пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша тергеу жүргізеді. Ведомство мен Маңғыстау облысы және көліктегі полиция департаменттері қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылып, олар оқиға орнына аттанды. Ұшақ апатына байланысты Әзербайжанның Бас прокуратурасы да қылмыстық іс қозғады.