Абай облысы Ақсуат ауданындағы егістік алқапты шегірке жайлады
Шаруалар: «Шығынға бататын болдық деп», – дабыл қағып отыр. Қазір өңірдегі бірнеше ауылда жәндікке қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысында да шегіртке азаяр емес. Зиянкестер Арыс қаласындағы бақша дақылдарын кеміріп, Шардара ауданынындағы мақта алқаптарын тып-типыл еткен. Сарыағаш ауданында зиянкестерден бидай еккен шаруалар да зардап шекті. Жергілікті халық: «Биылғы дәрілеу шараларынан нәтиже болмады»,- деп отыр.
Ержігіт Әбен, Әлімтау ауылының тұрғыны:
- Шегірткені дәрілеген. Кішкентай ұшпайтын кезде дәріледі. Оған өліп неғып жатқан жоқ. Дәрілеген жердің нәтижесін көрген жоқпын. Өзім дәрілеген жердің нәтижесін көрдім, 10-15 минутта өліп қалды дәрілеген.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Бүгінгі күні 860 мың гектар жұмыс обработкасын жасадық. Керек препараттар барлығы алынды. Техникаларымыз дайын.