Мәулен Әшімбаев Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына барды
Дәрігерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палатаның бір топ депутатымен бірге Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына барды. Бұл – қан қызметі бойынша еліміздегі жетекші медициналық ұйым. Палата Спикері Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласына үнемі баса мән беретінін айтты. Соңғы кезде қазақстандықтар да бұған бейжай қарамайды. Статистикаға сәйкес, соңғы бес жылда донорлар саны 14,4%, ал қан құю көрсеткіші 13,6% артқан. Жыл сайын 380 мыңнан астам қан құю жүргізіледі және 100 мыңға жуық науқас өмірлік маңызды донорлық қан өнімдерін алады.