Хабар телеарнасы

Қызылорда облысының аудандарында «Руханият орталығы» салынады

Биыл Қызылорда облысының жеті ауданында «Руханият орталығының» құрылысы басталды. Өңірдегі  біраз аудандық музей мен архив ғимараты ескірген. Ал жаңа нысан  мәдени, рухани, тарихи ұйымдарды біріктіретін бірегей кешен болады. Жастар орталығы мен ардагерлер бас қосатын нысандар да заман талабына сай емес. Мысалы, облыстық мемлекеттік архивтің Қармақшы ауданындағы филиалы 1987 жылы құрылған. Содан бері аудан орталығында босап қалған ескі нысандарды паналап келеді. Бұл мәселені шешуге 1 миллиард 600 миллион теңге бөлінген..

Жандос Еркінбек, Қармақшы ауданының әкімі

- Осы жылдың аяғына дейін бітіріп, оның ішіне ЗАГС дейтін бар, жастар орталығы бар, ардагерлерімізді жоспарлап отыр. Жалпы мемлекеттік емес ұйымдардың бәрін сол ғимараттың ішіне отырғызып, әрі қарай бірлесіп отырып жұмыс жасап, артымыздан өсіп келе жатқан ұрпаққа дұрыс бағытта тәрбие береді деген оймен жасалып жатқан жұмыстар.